«Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Есіл ауданы әкімдігінің

2025 жылғы 24 қазандағы

№ А-10/204 қаулысымен бекітілген

 

 

«Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме), ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты, мәдениетті, тілдерді дамыту аясында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеменің мынадай ведомстволары бар:

1) «Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты мекеме);

2) «Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ведомстволық  бағынысты мекеме).;

3) «Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты мекеме);

4) «Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты мекеме).

  1. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. Мемлекеттік мекеменің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

2

  1. Мемлекеттік мекемеөз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен  Мемлекеттік  мекеме  басшысының  бұйрықтарымен  және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  2. Мемлекеттік мекеменіңқұрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  3. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020900, Қазақстан Республикасы Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 6.
  4. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
  5. Мемлекеттік мекеме қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
  6. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

          Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері

 

  1. Міндеттері:

ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы басқарушылық қызмет атқару;

мемлекеттік егемендікті нығайту, ішкі саяси процестерді реттеу,      қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету;

Мемлекет басшысының саясатын, Үкімет қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдерін  іске асыру.

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

барлық меншік түріндегі кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды немесе басқа да материалдарды, мүдделі мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;

ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту мәселелерінде ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;

мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және коммуникация жүйелерін пайдалану;

бөлімнің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу.

3

2) міндеттері:

мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинар-кеңестер, конференциялар өткізу;

Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің жарлықтары мен өкімдерін, Үкімет қаулыларын орындау үшін аудан әкімі қабылдаған шешімдердің жобаларын әзірлеу және аудан әкімінің қарауына енгізу, аудан әкімі қабылдаған шешімдерді іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент Жарлықтарын, өкімдерін, Үкімет актілерін, облыс әкімі мен аудан әкімінің Мемлекеттік мекеме құзыретіне жататын шешімдерін қолданысқа енгізуге ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту  саласында бақылауды жүзеге асырады;

өз саласы бойынша ауданның мемлекеттік бағдарламаларын және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын қалыптастыруға қатысады;

аудан басшылығына өз құзыретіндегі мәселелер бойынша аналитикалық материалдар мен шолулар дайындайды;

терроризмге қарсы комиссияны ұйымдастырады;

әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияны ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары бойынша ақпараттық-насихаттау тобының, дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын үйлестіреді;

аудан аумағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (орнатуын, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;

аудан аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинайды, жинақтайды және ішкі саясат басқармасына ұсынады;

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырады;

қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастырады;

терроризмнің алдын алу, сондай-ақ терроризмге қарсы комиссия арқылы тиісті аумақта терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою бойынша жұмыс жүргізеді;

аудандағы діни ахуалды, сондай-ақ ауданда жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзедi;

діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

 

 

4

Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;  

өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүргізуді және жастардың қажеттіліктерін бағалауды қамтамасыз етеді;

жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;

аудандық жастар форумын өткізуді қамтамасыз етеді;

театр, музыка өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласындағы ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қызметін қолдайды және үйлестіреді;

мәдени құндылықтарды (жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін) есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

аудандық іс-шараларды, салтанатты жиналыстарды, конференцияларды, кеңестерді, ауданның ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдар мен конкурстарды дайындауды және өткізуді ұйымдастырады және қатысады;

өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

мемлекеттiк тiлдi дамытуға бағытталған iс-шараларды жүргiзедi;

Ақмола облыстық ономастика комиссиясына Есіл ауданының елді мекендеріне атау және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;

маңдайшаны Есіл ауданының елді мекендерінде орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;

«Қазақстан Республикасының тіл туралы» заңнамасында белгіленген талаптардың бұзулуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;

Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Мемлекеттік мекемені басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

5

  1. Мемлекеттік мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  2. Мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттіктері:

Мемлекеттік мекеме туралы ережені әзірлейді, өзгерістер, толықтырулар енгізеді және аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

Мемлекеттік мекеменің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

Мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

аудан әкіміне шешім және өкім жобаларын және басқа да материалдарды ұсынады;

Мемлекеттік мекеменің облыстық және аудандық басқармалармен, жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен тұрақты байланысын қамтамасыз етеді;

аудандық іс-шараларды, салтанатты жиналыстарды, конференцияларды, кеңестерді және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады және қатысады;

үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, жастар орталығымен, діни және басқа да қоғамдық бірлестіктермен байланысты жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын іске асыруға бағытталған мемлекеттік рәміздерді қолдану және көрнекі үгіт бойынша жұмысты үйлестіреді;

мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мәніне аудандық газетке талдау және мониторинг жүргізеді;

Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, қызметтік тәртіпті, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді, қызметтік этиканы, Мемлекеттік мекеменің ережесін сақтайды;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

Мемлекеттік мекеменің жұмысын талдайды, жұмысын жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды, мемлекеттік мекеме мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.

Мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

 

  1. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ       өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге              де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Мемлекеттік мекемеде бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

 

6

  1. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

     

Дата публикации
09 апреля 2026