«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:
- Әбдиев Мереке Ержұмартұлы, 1987 жылы туған, «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бухгалтері, Есіл ауданы Есіл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша ұсынылған;
- Бекжанова Ажар Маратқызы, 1992 жылы туған, «Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Есіл ауданы Бұзылық ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша ұсынылған;
- Бальцер Константин Сергеевич, 2000 жылы туған, «Ақмола облысы Есіл ауданы Красивинский ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Есіл ауданының Есіл қаласында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы