Цифрлық қызмет көрсету: 2025 жылы бейнеқоңырау арқылы 72 мыңнан астам өтініш қабылданды

   

Бүгінде «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы көрсетілетін бейнеқоңырау форматында 79 мемлекеттік қызмет қолжетімді. 2025 жылы бұл сервис арқылы 72 мыңнан астам өтініш қабылданғанын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Бейнебайланыс нақты уақыт режимінде жұмыс істейді: оператор бейнеқоңырау арқылы кеңес береді, құжаттарды толтыруға көмектеседі және өтінішті онлайн қабылдайды. Бір бейнеқоңыраудың орташа ұзақтығы 5–15 минутты құрайды, бұл көптеген мәселені жедел шешуге мүмкіндік береді.

Бейнеқоңырау арқылы 79 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олардың қатарында соттылығы туралы анықтама алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу және көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау сияқты қызметтер бар.

Қызметті пайдалану үшін «ЦОН» мобильді қосымшасын ашып, «ХҚКО қызметтері» бөліміне өтіп, «Бейне қызметі» бөлімшесін таңдап, «Бейнеқоңырауға өту» батырмасын басу қажет. Оператор кеңес беріп, өтінішті рәсімдейді, ал нәтижесін қосымшадағы чат арқылы немесе дайын құжатты ХҚКО бөлімшесінен алуға болады.

Бейнеқызмет шалғай елді мекендердің тұрғындарына және ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін мемлекеттік қызметтерді қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, сервис мемлекеттікқызметтердің цифрлық трансформациясының бірбөлігі болып табыладыЦифрландыру жәнежасанды интеллект жылы шеңберінде басты назаразаматтарға ыңғайлы әрі сапалы қызмет ұсынуғабағытталған.

 

 

Дата публикации
05 марта 2026