Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық  заңының 113-1 баптың 1 тармақ 1 тармақшасына, 2 тармағына, 4 тармағына,  Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 4 наурыздағы  №2/14 қаулысына сәйкес, 2026 жылғы 12 сәуірге  Интернациональный ауылдық округінің әкімін сайлау тағайындалғанын хабарлаймыз.

Бұдан басқа, Интернациональный ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылды. 

Есіл аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

 

Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы хабарлама
Дата публикации
04 марта 2026