Есіл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
2026 жылғы 4 наурыздағы
№ 2/14 қаулыға қосымша
2026 жылғы 12 сәуірге тағайындалған Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар
|
1. Ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындау. |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап бір ай ішінде немесе әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған күннен бастап
2026 жылғы 4 наурыз
(113-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы, 3-тармағы) |
|
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2026 жылғы 14 наурыздан кешіктірмей
(22-баптың 2-тармағы) |
|
3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2026 жылғы 14 наурыздан кешіктірмей
(13-баптың 4-тармағы) |
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2026 жылғы 19 наурыздан кешіктірмей
(17-баптың 2-тармағы) |
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Аудан әкімі
Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн ішінде – 2026 жылғы 19 наурыздан кешіктірмей
(23-баптың 5-тармағы) |
|
6. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну. |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар өз мүшелері арасынан, сондай-ақ азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен аумақтық сайлау комиссиясына әкімдікке кандидат ретінде тіркелу ниеті туралы өтініш беру арқылы ұсынады. Ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, кандидаттарды жоғары тұрған әкім ұсынады. Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен бастап басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. 2026 жылғы 5 наурызда басталып, 2026 жылғы 17 наурызда сағат 18.00-де аяқталады.
(113-3-бап) |
|
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау
|
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп
( 4-бап, 113-2-бап) |
|
|
|
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап
(14-баптың 8-1) тармақшасы, 31-бап) |
|
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Кандидат Конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-баптарында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімде
(113-4 бап.) |
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып тиісті аумақтық сайлау комиссиясына қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде
(113-4-баптың 8, 9-тармақтары) |
|
11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу (әрбір ұсынылған кандидат үшін 85000 теңге) |
|
|
|
Кандидаттар және саяси партиялар
Кандидатты тіркеуге дейін
(113-5-баптың 2-тармағы) |
|
|
|
|
12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда тұрғылықты жері бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну (2026 жылғы 1 наурызға). |
|
|
|
Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) Кандидатты тіркеуге дейін (113-5-баптың 3-тармағы) |
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-баптың 3-тармағы) |
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандықсайлаукомиссиясы
Барлыққажеттіқұжаттардыалғаннанкейінбасталадыжәнесайлаукүнінежиырмакүн қалғанда жергіліктіуақытбойыншасағат18.00-де аяқталады. 2026 жылғы 5 наурыздан бастап 2026 жылғы 22 наурыз сағат 18.00-ге дейін
(113-5-баптың 14-тармағы) |
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-баптың 9-тармағы) |
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы
2026 жылғы 22 наурызға дейін
(28-баптың 6-тармағы) |
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады 2026 жылғы 22 наурыз сағат 18.00-ден бастап 2026 жылғы 11 сәуір сағат 00.00-ге дейін
(27-баптың 2-тармағы) |
|
18. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар беру, сондай-ақ бөлінген үй-жайларда кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен кездесулерінің кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Жергілікті атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы Сайлауалды үгіт жүргізу кезеңінде
(28-баптың 4-тармағы) |
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Аудан әкімі
Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2026 жылғы 22 наурызға дейін
(24-баптың 5-тармағы) |
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары
Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда 2026 жылғы 27 наурыздан бастап
(26-баптың 1-тармағы) |
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары
Дауыс беру күніне он күн қалғанда 2026 жылғы 1 сәуірге дейін
(18-баптың 5) тармақшасы, 38-баптың 2-тармағы) |
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу Аудандық сайлау комиссиясы
Сайлау күніне дейін үш күннен ерте емес және бір күннен кеш емес 2026 жылғы 9 сәуірден 11 сәуірге дейін
(37-баптың 3-тармағы) |
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары
Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын 2026 жылғы 12 сәуір, сағат 06.00
(40-баптың 1-тармағы) |
|
24. Дауыс беруді өткізу
|
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары
Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін
(38-баптың 1-тармағы) |
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау
|
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары
Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-ден бастап
(18-баптың 8) тармақшасы, 43-бап) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары
Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін дереу
(43-баптың 8-тармағы) |
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну
|
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары
Хаттамаға қол қойылғаннан кейін дереу
(113-8-баптың 1-тармағы) |
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу
|
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Сайлау өткізілгеннен кейін үш күннен кешіктірмей 2026 жылғы 15 сәуірден кешіктірмей
(113-10-баптың 1-тармағы) |
|
29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2026 жылғы 18 сәуірден кешіктірмей
(44-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы) |
|
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн ішінде, сондай-ақ сайланған әкім Конституцияға және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен үйлеспейтін міндеттерді өзінен алып тастағаны туралы жазбаша өтінішін ұсынғаннан кейін 2026 жылғы 18 сәуірден кешіктірмей
(45-бап, 46-баптың 3-тармағы, 113-11-баптың 1-тармағы) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.