Қызмет туралы есеп
«Есіл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің 2025 жыл бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы
1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер.
Есіл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің негізгі қызмет бағыты – халықтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ететін жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық игіліктер ұсыну, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңын басшылыққа алады.
Бөлімде мемлекеттік қызметтерді бас маман көрсетеді.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Көрсетілген қызметтер саны – 12.
2025 жылы Есіл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі 2 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетті:
3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері және оған қол жеткізу орындары туралы мәліметтер.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органда ақпараттық стенд жабдықталған, онда мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен өтініш үлгілері орналастырылған.
Есіл ауданының ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары, шағымдану тәртібі, қызмет көрсетушілердің байланыс деректері, сондай-ақ қызметтерді онлайн форматта алу жөніндегі нұсқаулықтар орналастырылған.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ақпарат алуға болады.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын ведомствоға бағынысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын ведомствоға бағынысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын ескеру мақсатында өткізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Есіл ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше танысып, сұрақтар қойып және пікір қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.)
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және көрсету сапасын жақсарту мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді:
– тікелей эфирлер өткізілді;
– Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларда «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу жөніндегі мақалалар жарияланып, көрсету тәртібі, мерзімдері және көрсетілетін орны түсіндірілді.
Халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуына қолайлылық жасау үшін дене шынықтыру және спорт бөлімінде барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген «өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылды.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабына сәйкес дене шынықтыру және спорт бөлімі уәкілетті органмен келісу арқылы ақпараттандыру саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қабылдайды.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар Есіл ауданы әкімінің аппаратына жолданады.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар анықталған жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері.
Өткізілген жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген бақылау нәтижелері.
2025 жылы Есіл ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тарапынан бақылау іс-шаралары жүргізілген жоқ.
4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі нәтижелері.
2025 жылы Есіл ауданы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесіне сәйкес қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2026 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:
2024 жыл бойынша Есіл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есепті талқылауға қатысты ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар esil_sport@aqmola.gov.kz электрондық поштасы арқылы және 8-716-47-41-6-95 телефоны бойынша қабылданады.