*Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Есіл филиалының алаңында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының және "Nestlé Food Kazakhstan"компаниясының балалар тағамын сатуды жүзеге асыратын жергілікті бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен семинар өтті*
Семинар ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің алдын алу мақсатында қабылданған балалар тағамы өнімдерінің тоғыз позициясын өз еркімен қайтарып алу туралы шешіміне байланысты тапсырмасын орындау шеңберінде ұйымдастырылды. Кері қайтарып алуға сыртқы жеткізушіден алынған және өнімнің жекелеген санаттарын өндіруде пайдаланылған өсімдік майы түрлерінің бірінде цереулид токсинінің болуы мүмкін қаупі туралы ақпарат негіз болды.
Құрамындағы ингредиенттің ең аз мөлшеріне және ҚР заңнамасына сәйкес осы заттың құрамындағы нормативтік-белгіленген шекті көрсеткіштердің болмауына қарамастан, өндіруші өнімді ерікті түрде қайтарып алуға бастамашылық жасады.
Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бүгінгі күні халықтың денсаулығына зиян келтіру фактілері анықталмағанын хабарлайды. Аталған өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне байланысты шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.
"Nestlé Food Kazakhstan" компаниясы тәркіленген өнімнің құнын өтеуді жүргізуде. Өтеу мәселесі бойынша Ақмола облысында мына мекен-жайға хабарласуға болады: Көкшетау қаласы, Алтынсарин көшесі 6, 3 қабат, байланыс телефоны: 87476058017.
Барлық қатысушыларға санитарлық нормаларды сақтау ережелері, мерзімі өткен тауарлар және сақтау шарттары туралы еске салынды. Кездесу қызу өтті. Кәсіпкерлер барлық сұрақтарға толық жауап алды, сонымен бірге өз мәселелерін айтты. Кәсіпкерлер Палатасы тағы да тиімді бизнес-алаңға айналды, онда аудандағы бизнес-ахуалды жақсартудың өзекті мәселелерін де, кәсіпкерлік қоғамдастықтың халық өміріне қатысуын да талқылауға болады.
#КәсіпкерлерпалатасыАкмолаоблысы