29 қазанда Қазақстанда алғаш рет кәсіпкерлер күні аталып өтілуде!

Бұл мереке ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 10 жылдығына орай-елімізде бизнесті дамыту мен қорғаудың негізіне айналған маңызды құжат болып белгіленді. Бұл күн сіздің еңбегіңізді, табандылығыңыз бен жауапкершілігіңізді мойындаудың символы! Кәсіпкер болу-батыл болу және жаңа қиындықтарға дайын болу.

Кәсіпкерлер палатасының Есіл филиалы барлық бизнес өкілдерін кәсіби мерекелеріңізбен құттықтайды! Сізге тұрақтылық, өркендеу, сәттілік және жаңа жетістіктер тілейміз! Сіздің идеяларыңыз елге пайда әкелсін және басқаларды шабыттандырсын!

Бизнес жүргізу және консультация беру мәселелері бойынша сіз әрқашан Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Есіл филиалына мына мекенжай бойынша хабарласа аласыз:
Есіл қ., Жамбыл к-сі, 36
тел.: 8 (71647) 79-111

#кәсіпкерлерпалатасыАкмолаоблысы

Дата публикации
30 октября 2025