"Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ меңгерушісі лауазымына Конкурс

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4602520628

Лауазымдар тізіліміне сәйкес санат
E-R-3
Жалпы біліктілік талаптары
"есіл ауданының қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі, e-r-3 (лауазым мәртебесі: бос)
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
  • 1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес
Білімге қойылатын талаптар
  • Жоғары білім
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
  • Орта білімнен кейінгі білім
  • Кәсіби білім
Мамандық бойынша талап
  • Әлемдік экономика (код=5В051300, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Экономика (код=5В050600, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Қаржы (код=5В050900, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Есеп және аудит (код=5В050800, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
Функционалдық бағыты
  • Экономика, қаржы және бюджеттік жоспарлау
Функционалдық міндеттері
Азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру. Негізгі құралдар мен қорлардың түсімдері мен шығуларын есепке алуды қамтамасыз ету, материалдық құралдарды есепке алу және түгендеу. Халықаралық стандарттарға сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу. Қаржылық есептіліктің белгіленген мерзімдерде сапалы жасалуын және ұсынылуын қамтамасыз ету. Бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуына талдау жүргізу және есепке алу, "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілетін операцияларды есепке алу, бөлім кассасы бойынша операцияларды есепке алу және мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік операцияларын есепке алу. Банктік құжаттарды, журналдар мен ордерлерді өңдеу. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының жасалуына және орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Алдағы қаржылық кезеңдерге Бюджеттік өтінімді, мекеме балансын, трансферттер бойынша есептерді, статистикалық есептерді және салық декларацияларын белгіленген мерзімде қалыптастыру. Материалдық-техникалық құралдар мен материалдардың ұтымды және үнемді пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету. Көрсетілетін әлеуметтік төлемдер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және мониторингілеу. Әлеуметтік көмек секторының мамандары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің жеделдігі мен сапасына бақылауды қамтамасыз ету. Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету мәселелері бойынша аумақтық әкімдермен бірлескен жұмыс жүргізу. Халықтың әлеуметтік карталарының мониторингін ұйымдастыру.Облыстық және аудандық бюджеттен, сондай-ақ республикалық трансферттерден халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік көмекті (оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті) тағайындау және төлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру. Мұқтаж адамдарға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің берілуін бақылауды қамтамасыз ету.Ауданның мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты жүзеге асыру. Әлеуметтік қызметтер порталында және "Қазынашылық-Клиент", "Мемлекеттік сатып алу порталы" және т.б. ақпараттық жүйелерде қызметті қамтамасыз ету.
Дата публикации
23 октября 2025