Анықтама
Есіл ауданы бюджетінің орындалуы бойынша
2020 жылғы 1 сәуірге
Кірістер
Меншікті кірістер бойынша ағымдағы жылдың үш айында жоспар бойынша 133,6 млн.теңге, ағымдағы жылдың 1 сәуіріне 251,8 млн. теңге немесе 188,4% түсті, асыра орындау сомасы 118,2 млн. теңге (53,3 млн. теңге-кіріс бөлігін түзету, 34,8 млн. теңге 01.01.20 ж. 4 деңгейдегі бос қалдықтар).
.
Шығыстар
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 1013,0 млн. теңгеге орындалды (үш айға жоспар – 1015,5 млн. теңге) немесе жоспарға 99,8%, игерілмегені 2,5 млн. теңге, оның ішінде:
РБ трансферттері-0,1 млн. теңге (жоспар бойынша 108,8 млн. теңге, игерілгені 108,7 млн. теңге, немесе 99,9%), оның ішінде:
0,1 млн. теңге – кезеңге ағымдағы үнемдеу (үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға, мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақы белгілеуге));
Аудандық бюджет -2,4 млн. теңге (жоспар бойынша 855,6 млн. теңге, игерілгені 853,2 млн. теңге немесе 99,7%), оның ішінде:
0,3 млн. теңге - кезеңге ағымдағы үнемдеу (аударымдармен жалақы бойынша, басқа да ағымдағы шығындар);
2,1 млн. теңге-қазынашылық 31.03.20 ж. төлем шоттарын қайтару (Красногорский кенті әкімінің аппараты).