ҚР цифрлық даму министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп ХҚКО-ларда сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерге талдау жүргізді.
Сауалнама нәтижелері бойынша азаматтардың 80% - ға жуығы ұйымдардан, көбінесе жұмысқа орналасу үшін жолдама бойынша анықтама алатыны анықталды.
Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы ең көп сұралған 15 анықтама:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- наркологтың динамикалық бақылауының жоқтығы туралы анықтама;
- мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін немесе мұрағаттық үзінді көшірмелерді беру;
- «психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру
- құқықтық статистика және арнайы органдар порталынан анықтамалар есепке алу;
- жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру;
- жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру;
- «фтизиатрия» фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер беру;
- 6 ай мерзімге банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту
- несие тарихын алу (Бірінші несиелік бюро);
- емханаға тіркелу;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің есебі бойынша адамның Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер;
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының қаражатының түсуі мен қозғалысы туралы ақпарат беру;
- жұмыссыз ретінде тіркелу туралы ақпарат беру;
- адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру.
Барлық қажетті ақпарат порталда ОНЛАЙН қолжетімді eGov.kz «Үшінші тұлғалар туралы мәліметтер» сервисі арқылы!