2025 жылғы 19 тамыздағы №73-ӨД бұйрығы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Есіл қаласы, Біртал, Ейское, Жаныспай, Знаменка, Интернациональное, Красивое, Курское, Ярославка, Ленинское елді мекендерінің тарату желілері арқылы су беру қызметтері бойынша тұтынушылар топтарына арналған дифференцияланған тарифтер Есіл ауданы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ жанындағы «Есіл қалалық коммуналдық шаруашылық» ШЖҚ МКК бойынша, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
1) Халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылу энергиясын өндірумен айналысатын ұйымдар (жылу энергиясын өндіру процесінде өзіндік қажеттіліктер үшін тұтынылатын су көлемі мен ашық жүйедегі ыстық сумен жабдықтау қызметтерін көрсету кезінде толықтыру көлемдері шегінде), жылу энергиясын тасымалдау және тарату қызметтерін жүзеге асыратын ұйымдар (белгіленген техникалық шығындар нормативтері шегінде), сондай-ақ сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттелетін қызметтер көрсететін ұйымдар – бірінші топ – 166,56 теңге/м³
Ресурстарды үнемдеуге ынталандыру мақсатында, бірінші топтағы сумен жабдықтау қызметіне арналған тариф келесі тұтынушылар санаттары бойынша сараланады:
1-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, тұтыну көрсеткіші нақты көрсетілмеген.
2-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, бір адамға айына 3 м³-тен 5 м³-ке дейін реттелетін қызметтерді тұтынатындар – 199,88 теңге/м³.
3-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, бір адамға айына 5 м³-тен 10 м³-ке дейін реттелетін қызметтерді тұтынатындар, жылу энергиясын өндірумен айналысатын ұйымдар (өзіндік қажеттіліктерге және толықтыруға жұмсалатын су көлемі шегінде), жылу энергиясын тасымалдау және тарату ұйымдары (техникалық шығындардың бекітілген нормативтері шегінде), сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттелетін қызметтер көрсететін ұйымдар – 249,84 теңге/м³.
4-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, бір адамға айына 10 м³-тен астам реттелетін қызметтерді тұтынатындар және жеке су есептегіш құралдары жоқ жеке тұлғалар – 333,13 теңге/м³.
есептегіш құралдары жоқтар үшін – 333,13 теңге/м³
су бағанасын пайдаланатындар үшін – 333,13 теңге/м³
2) Өзге тұтынушылар – бірінші және үшінші топқа кірмейтін заңды тұлғалар – екінші топ – 418,48 теңге/м³
3) Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдар – үшінші топ – 456,00 теңге/м³