Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы (Р-4)

Жалпы біліктілік талаптары
ақмола облысы есіл ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы, e-r-1 (лауазым мәртебесі: бос)
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
  • 1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес
  • 2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес
  • 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес
  • 4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
Білімге қойылатын талаптар
  • Жоғары білім
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
  • Орта білімнен кейінгі білім
  • Кәсіби білім
Мамандық бойынша талап
  • Сәулет және құрылыс (код=6B073, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)
Функционалдық бағыты
  • Құрылыс, сәулет және жер қатынастары
Функционалдық міндеттері
Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету. Тиісті аумақта құрылыс тәртібінің сақталуын және құрылыстың сапасын қадағалауды жүзеге асыру. Жергілікті атқарушы органдарға объектілер мен кешендерді орналастыру, елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын түзету және әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау. Жобаларды сараптау, мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылауы, инспекция және жобалау ұйымдары кәсіпорындарының құрылымдары арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Аудан аумағында апатты және тозығы жеткен объектілерді бұзу бағдарламасын әзірлеу. Құрылыс-монтаж жұмыстарын бақылау. Құрылысы аяқталған тұрғын үй-азаматтық, коммуналдық, өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысу. Ғимараттар мен құрылыстарды салу және реконструкциялау, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы объектілерді сатып алу бойынша техникалық құжаттаманы дайындау бойынша бақылау. Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес құрылыс және реконструкция объектілері бойынша конкурстар өткізу бойынша ұйымдастыру және бақылау. Ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге, тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы объектілерді сатып алуға өткізілген конкурстар бойынша деректердің мониторингін жүзеге асыру. Бас жоспарға сәйкес телекоммуникация желілерінің құрылысын келісу, телекоммуникация желілерін жобалау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, байланыс және телекоммуникация саласының стандарттарын сақтау. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты бірыңғай мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссияларға қатысу. Стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылау. Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне бағалау жүргізу..
Дата публикации
21 августа 2025