КОНКУРС
«Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Лауазымға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық, немесе гуманитарлық, немесе экономикалық, немесе заңгерлік білім, басшылық лауазымда кемінде 2 жыл немесе жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Басшысының лауазымдық міндеттері:Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.Қызметтік құжаттардың уақытылы және сапалы қаралуын ұйымдастырады, орталықтың жұмысын жоспарлайды. Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және олардың уақтылы орындалуына бақылау жүргізеді. Әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүргізеді. Өз құзыреті шегінде әдістемелік семинарларға, дөңгелек үстелдерге және өзге де іс-шараларға қатысады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың өтініштерін қарау бойынша бақылауды жүзеге асырады.Орталықтың қаржы - шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуын, шарттардың жасалуы мен орындалуын бақылайды.Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесі мен лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасайды. Мемлекеттік және өзге де ұйымдарда орталық атынан өкілдік етеді, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Нормативтік талаптарға сәйкес материалдық-техникалық базаны есепке алуды, сақтауды және толықтыруды қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің сақталуына жауап береді. Қала тұрғындары, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар үшін мемлекеттік тіл курстарының жұмысын үйлестіреді, мемлекеттік тілдің көлемін анықтауға бағытталған емтихандар, мониторинг жүргізеді, әлеуметтік-лингвистикалық зерттеу қызметін ұйымдастырады.
Қызметтік жалақы мөлшері: еңбек еткен жылдарына байланысты 122833-ден 160500 теңгеге дейін.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген Азаматтық қызметке кіру және конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурс үш кезең арқылы өткізіледі:
1.конкурсқа қатысушының біліктілік бағасы;
2.кандидаттармен әңгімелесу өткізу;
3.байқау қорытындысын шығару;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімдемесі:
1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсете отырып);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген).
7) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелерін нотариат немесе жұмыс орнынан кадр қызметі растайды.
Анықтама телефоны: 8 (716 47) 21945
Мекен - жайы: Есіл қ. Қонаев көшесі, 6 үй