Мемлекеттік корпорация өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын жетілдіруде: постоматтар арқылы 1,5 мыңнан астам құжат берілді

 

Мемлекеттік корпорация өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын жетілдіруде: постоматтар арқылы 1,5 мыңнан астам құжат берілді

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы цифрландырудың әлемдік трендтеріне сәйкес келетін заманауи шешімдерді ХҚКО жұмысына енгізуді жалғастыруда. Осындай оңтайлы шешімдердің бірі – постоматтар.  Бұл мемлекеттік қызметтерді алу процесі никемді және ыңғайлы ететін,  дайын құжаттарды 24/7 режимінде алуға арналған құрылғы.

Осы жылдың басынан бастап қазақстандықтар фронт-офистердің жұмыс кестесіне байланбай, өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары арқылы 1623 рет құжаталды. Бүгінде постоматтар еліміздің 10 өңірінде, 14 жаңғыртылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы «24/7 аймақтарында» орнатылған. Бұлшешім ХҚКО-лардағы дайын құжаттарды беру секторларына түсетін жүктемені едәуір азайтуға және қызмет көрсету процесін жеделдетуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда құрылғы сұранысқа ие 19 мемлекеттік қызметтің нәтижесін алуды қамтамасыз етеді. Олардың ішінде: азаматтық хал актілерінің қайталама куәліктері мен мұрағаттық анықтамалары, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың және барлық деңгейдегі білім туралы құжаттардың тел нұсқалары. Сондай-ақ, сервис арқылы апостиль қойылған ресми құжаттарды  және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікке пілінтіркеудің нәтижелері беріледі.

Бұл сервисті пайдалану мүмкіндігі құрылғы орнатылған Мемлекеттік корпорацияның фронт-офисінде мемлекеттік қызметалуға өтініш беру сәтіндер әсімделеді.  Ол үшін қызмет алу шықұжатты постомат арқылы алғысы келетіндігі туралы маманға хабарлау қажет. Дайын болған құжат постоматқа салынғаннан кейін қызметалу шыға өтініш нөмірі, постомат мекенжайы, сақтау мерзімі және  6 таңбалы құпиясөзі бар  SMS-хабарлама жолданады. Дайын құжатты алу үшін қызмет алушы құрылғыға SMS-хабарламадағы кодты енгізіп, жеке басын биометриялық сәйкестендіруден өткізуі қажет. Осыдан кейін ұяшық автоматы түрде ашылады.

Ескерекететін жайт, дайын құжатты жеке ұяшықтан 3 күн ішінде алу керек. Егер белгіленген мерзімде құжатты ала алмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті алу бойынша өтініш рәсімделген ХҚКО-ға қайтарылады. 

                                                                                

 

Постоматтарорнатылған ХҚКО-лардынмекенжайларыныңтізімі:

 № 

Аймақ

ХҚКО мекенжайлары

 1

Астана қ.

Керей, Жанибекхандаркөшесі, 4  

 2

Астана қ.

Республика даңғылы, 43

 3

Алматы қ.

Медеуауданы, Марковкөшесі, 44

 4

Алматы қ.

Әуезовауданы, Жандосовкөшесі, 51

 5

Алматы қ.

Алатау ауданы, Нұркентшағынауданы, 5/17

 6

Шымкент қ.

Әл-Фарабиауданы, Жангелдинкөшесі, 13А

 7

Жамбыл облысы

Тараз қ., Төле би даңғылы, 89Г

 8

Жамбыл облысы

Қордайауылы, «Батыс» тұрғыналабы, 25 ғимарат

 9

Карағандыоблысы

Карағанды қ., Қазыбек би ауданы, Тәттімбеткөшесі,709

 10

Қызылордаоблысы

Қызылорда қ.,Астана даңғылы, 46

 11

Павлодар облысы

Павлодар қ.,Павлов көшесі, 48

 12

Түркістаноблысы

Түркістан қ.,160 орам, 236 құрылыс

 13

Ақмолаоблысы

Көкшетау қ.,Әуезовкөшесі,189А

 14

Абай облысы

Семей қ., 408 кварталкөшесі,21

 

Дата публикации
21 июля 2025