Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

ХАБАРЛАМА

 

2025 жылғы 13 шілдеде Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай, Знаменка, Московский ауылдарының, Красногорский кентінің, Бұзылық, Заречное, Қаракөл, Красивинский ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы өтті.

Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Есіл ауданы Ақсай, Знаменка, Московский ауылдарының, Красногорский кентінің, Бұзылық, Заречное, Қаракөл, Красивинский ауылдық округтерінің әкімін сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

 

Ақсай ауылының әкімін сайлауы бойынша:

         Сайлаушылар тізіміне 546 азамат енгізілді, олардың 283-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 53.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Ахметжанова И.К. – 41; Байғалым Б. – 148; Шматко В.С.  – 37.

         Байғалым Бейбітгүл Ақсай ауылының әкімі болып сайланды, 1979 жылы туған, Есіл қаласында тұрады, "AMANAT" партиясынан ұсынылды.

 

Бұзылық ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша:

         Сайлаушылар тізіміне 490 азамат енгізілді, олардың 247-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 11, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 38.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Әлкебаева А.А. – 45; Дәулетбаев Қ.Ж. – 128; Орехова Т.В.  – 25.

Дәулетбаев Қайрат Жиренұлы  Бұзылық ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1976 жылы туған, Есіл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

 

Заречный ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша:

         Сайлаушылар тізіміне 651 азамат енгізілді, олардың 514-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 15, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 61.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Корн Ю.Н. – 300; Нуртдинова В.А. – 32; Сәрсекеев Р.С.  – 106.

Корн Юлия Николаевна Заречный ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1976 жылы туған, Заречный ауылында тұрады, "AMANAT" партиясынан ұсынылды.

        

Знаменка ауылының әкімін сайлауы бойынша:

         Сайлаушылар тізіміне 294 азамат енгізілді, олардың 192-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 24.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Бобловская Е.Ю. – 42; Маратқызы Г. – 25; Шагвалеева О.В.  – 99.

         Шагвалеева Ольга Владимировна Знаменка ауылының әкімі болып сайланды, 1992 жылы туған, Знаменка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

        

Қаракөл ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша:

         Сайлаушылар тізіміне 362 азамат енгізілді, олардың 279-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 21.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Бирюкова О.В. – 22; Илгүндинова А.М. – 15; Көшербаев А.Қ.  – 213.

Көшербаев Арман Құанышұлы Қаракөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1985 жылы туған, Речное ауылында тұрады, "AMANAT" партиясынан ұсынылды.

 

Красногорский кентінің әкімін сайлауы бойынша:

         Сайлаушылар тізіміне 438 азамат енгізілді, олардың 216-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 32.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Бекжанова А.М. – 27; Мұканов Х.Т. – 15; Сейденов Т.С.  – 134.

         Сейденов Тасболат Сейітқалиұлы Красногорский кентінің әкімі болып сайланды, 1969 жылы туған, Есіл қаласында тұрады, "Қазақстан Халық партиясы" ҚБ ұсынылды.

 

Красивинский ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша:

         Сайлаушылар тізіміне 1028 азамат енгізілді, олардың 605-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 41, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 54.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Әбдиев М.Е. – 69; Косиченко Н.С. – 412; Сулейменова Д.С.  – 29.

Косиченко Николай Сергеевич Красивинский ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1991 жылы туған, Есіл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

Московский ауылының әкімін сайлауы бойынша:

         Сайлаушылар тізіміне 306 азамат енгізілді, олардың 220-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 18, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 39.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Болданова Г.Б. – 47; Лазаренко Н.Г. – 22; Петричкое Е.В.  – 94.

         Петричко Елена Валерьевна Московский ауылының әкімі болып сайланды, 1980 жылы туған, Есіл қаласында тұрады, "AMANAT" партиясынан ұсынылды.

        

          

Есіл аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

 

Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
14 июля 2025