Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін шағымдану тәртібі туралы ақпарат

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» бірыңғай байланыс орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінен 1414 немесе 8-800-080-7777 (қоңырау шалу тегін) нөмірлері арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда немесе қызмет сапасына байланысты шағымдар туындаған жағдайда, қызмет алушы өз таңдауы бойынша мына мекенжайлардың біріне шағым жолдай алады:

  • қызмет көрсетуші ұйым басшысының атына;

  • тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкіміне;

  • egov.kz порталы арқылы.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.

Шағым шағымда көтерілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаның атына жолданады.

Шағымда міндетті түрде келесі деректер көрсетілуі тиіс:

  • қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);

  • пошталық мекенжайы;

  • байланыс телефондары (бар болған жағдайда);

  • шағым берілген күні;

  • қызмет алушының қолы.

Шағымда шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі және аты-жөні, шағым беру себептері мен талаптары көрсетілуі тиіс.

Қызмет көрсетушінің кеңсесіне (канцеляриясына) шағым тапсырылған жағдайда, шағымды қабылдау фактісін растайтын құжат ретінде қызмет алушыға шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөні, қабылданған күні мен уақыты көрсетілген талон беріледі.
Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты тиісті қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкерлерінен алуға болады.

Портал арқылы жолданған шағым бойынша, оның қаралу барысы туралы мәліметтер (жеткізу, тіркеу, орындау және қарау нәтижелері туралы белгі) қызмет алушының жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Шағымдар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне» және 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабында көзделген ерекшеліктерге сәйкес қаралады.

Дата публикации
30 мая 2025