Мемлекеттік басқару органдары алдында мемлекет басшысының алға қойылған міндеттері ашық және тең қолжетімділік мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады. 2013 жылғы 18 қыркүйектен Қазақстан республикасы Үкіметінің №983 қаулысымен, «Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес, 2024 жылы 4 түрлі қызметтер көрсетілді:
- тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін
шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру -99:
- "А", "В", "Г", "Б" және "Д"санаттарындағы тракторшы-машинист куәлігін алу – 56;
- "Қарда жүретін көліктерді, квадроциклдерді басқаруға рұқсат етіледі"деген жазбасы бар тракторшы-машинист куәлігін алу – 0;
- Тракторшы-машинист куәлігін ауыстыру – 40;
- Тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын алу – 3.
- тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру – 255:
- Машиналарды тіркеу – 48;
- Машиналарды қайта тіркеу – 119;
- Машиналарды тіркеу есебінен шығару – 80;
- Тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгіні алу 8.
- тракторлар мен олардың негізінде дайындалған өзі жүретін шассилер мен механизмдердің, арнайы құрал-саймандармен құрастырылған тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өзі жүретін ауылшаруашылығы, мелиоротивті және жол-құрылыс машиналары мен механизімдердің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілдігін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру және тіркеу - 94,
- тракторлар мен олардың негізінде дайындалған өзі жүретін шассилер мен механизмдердің, арнайы құрал-саймандармен құрастырылған тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өзі жүретін ауылшаруашылығы, мелиоротивті және жол-құрылыс машиналары мен механизімдердің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқауын жүргізу - 96,
2024 жылда 544 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтер тікелей мемлекеттік органында немесе балама түрде көрсетілді. Бекітілген қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметтер тегін және ақылы түрде көрсетіледі.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетулерге тең жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Есіл ауданы әкімінің Ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" тарауында мемлекеттік қызметтер қағидалары арналастырылған, «Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ , есеп қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер қағидаларының жобалары пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін интернет-ресурстың бас бетінде "электрондық үкімет" веб-порталының баннері орналастырылған.
Ақпараттың жұмыс өзектілігі бойынша, жүйелі тиісті бөлімінде тұрақты жүргізіледі.
«Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтердің стандарттары қызмет алушылар үшін қолжетімді орында ақпараттық стенділерінде орналастырылған. Бөлім қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күтуге арналған орындармен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мемлекеттік қызметтерді алу үшін , «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ . 2024 жылы аудандық "Есіл Инфо" газетінде Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 8 мақала жарияланды. "Facebook" әлеуметтік желісінде 96 жарияланым жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін түсіндіру бойынша 8 тікелей эфир өткізілді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша жария талқылау барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
3.Қызмет көрсету жетілдіру жөніндегі процессі
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын қамтамасыз ету, қолжетімділік, көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарау, Мемлекеттік қызметтер көрсету саласы мамандарының біліктілігін арттыру, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол бермеу, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдау.
Сапалы мемелекеттік қызмет көрсету бойынша үнемі ішкі бақылау жұмыстары жүргізіледі. 2024 жылда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінде бұзушылықтар фактілері жоқ.
Бас тартуға жол бермеу мақсатында құжаттарды қабылдау жүгінген кезде өтініш берушілердің мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша құжаттардың толық топтамасын қалыптастыру тәртібі мамандармен түсіндіріледі. 2024 жылда бақылау бойынша іс шара өткізілген жоқ.
қанағаттануын арттыру
Жеке және заңды тұлғаларды одан әрі қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтермен қолжетімді және сапалы қызмет алу туралы 2025 жылы түсіндірмелі жұмыс жалғасатын болады. Жалпы, 2025 жылдың ішінде жұмыс барысы қызмет алушылардың қанағаттануын арттыруға бағытталған.
«Есіл ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы И.Садуақасов