Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы 2024 жылғы есебі

1.Жалпы ереже

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.

«Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ қызметінің негізгі бағыты мемлекеттік органдардың қызметін ведомствоаралық және салааралық үйлестіру, аудан бюджетін жоспарлау және атқару, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету негізінде әлеуметтік-экономикалық саясат саласындағы функцияларды іске асыру болып табылады.

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Ұлтық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын, басшылыққа алады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

1) 2024 жылы Баспана Маркет Отбасы Банкінің жылжымайтын мүлік порталы, Қазақстан Республикасы Электрондық үкіметінің веб-порталы арқылы eGov.kz тегін негізде мемлекеттік қызметтің 1 түрі тегін көрсетілді.

 

№

Атауы

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны

 

Экономика саласында

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну», оның ішінде:

21

 

- Баспана Маркет Отбасы Банкінің жылжымайтын мүлік порталы ( оның ішінде: 5 бас тарту,1 қайтарып алынды, 15 оң қарау)

21

 

- электрондық үкіметтің веб-порталы eGov.kz               (оның ішінде:)

0

 

2024 жылы барлығы мемлекеттік қызметтер көрсетілді ( оның ішінде: 5 бас тарту,1 қайтарып алынды, 15 оң қарау)

21

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, өтініш үлгілері орналастырылған стендтер жабдықталған.

Есіл ауданының ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары, шағымдану тәртібі, көрсетілетін қызметті берушілердің байланыс деректері, сондай-ақ қызметтерді онлайн форматта алу жөніндегі нұсқаулықтар орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: қысқа нөмірі 300. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті электрондық цифрлық қолтаңба немесе куәландырылған бір реттік пароль болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алады.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық талқылау туралы ақпарат.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Есіл ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында олардың сапасын арттыру және ұсыну тәртібі бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

- 1 жергілікті мемлекеттік органның қатысуымен тікелей эфир;

- Facebook әлеуметтік желілерінің беттерінде 16 мақала жарияланды;

- аудандық «Есіл Инфо» газетінде 0 мақала жарияланды.

Компьютермен, сканермен, принтермен, картаны оқу құрылғысымен жабдықталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы»  бар.

                         

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

          «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы» РМҚК Ақмола облысы бойынша  филиалында Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тұрақты негізде жауапты қызметкерлер біліктілігін арттырудан өтеді.

           3) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік – құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің аппаратына жолданады.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар анықталған жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

«Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-де ішкі бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі іс-шаралар өткізілмеген.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасына бұзушылықтар анықталған жоқ.

4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг

нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2024 жылы Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы анықталған жоқ.

5.Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;
  2. Баспана Маркет Отбасы Банктің жылжымайтын мүлік порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды танымал ету және ақпараттандыру бойынша іс шаралар өткізу;
  3. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету: ақпараттық стендтерді жаңарту;
  4. мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдерін түсіндіре отырып, тікелей эфирлер өткізу;
  5. мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестерге қатысу;
  6. негізсіз бас тарту фактілеріне жол бермеу.

Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімінің 2024 жылғы есебін талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсыныстар электрондық пошта арқылы қабылданады esil_ef@aqmola.gov.kz, телефон бойынша 87164721672.

 

 

Басшының міндетін атқарушы                                           А.Луцкая

 

 

 

орынд. Ғ.Нұрахметова

телефон 8(71647)21672

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелері бойынша

2024 жылғы есебіне

қосымша

 

 

Есіл ауданы бойынша

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

 

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағы

ның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытын

дысы бойынша құжаттың №

Қабыл

данған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

тер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 февраля 2025