Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы, e-r-1 (Лауазым мәртебесі: бос)

Лауазымдар тізіліміне сәйкес санат
E-R-1
Жалпы біліктілік талаптары
есіл ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы, e-r-1 (лауазым мәртебесі: бос)
жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
  • 1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес
  • 2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес
  • 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес
  • 4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
Білімге қойылатын талаптар
  • Жоғары білім
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
  • Орта білімнен кейінгі білім
  • Кәсіби білім
Мамандық бойынша талап
  • Экономика (код=6М050600, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Есеп жəне аудит (код=6М050800, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Қаржы (код=6М050900, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Əлемдік экономика (код=6М051300, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Мемлекеттік аудит (код=6М052100, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
Функционалдық бағыты
  • Экономика, қаржы және бюджеттік жоспарлау
Функционалдық міндеттері
Бөлім қызметін жоспарлау және ұйымдастыру. Мемлекеттік қаржыны басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысу. Бюджетті жоспарлау, атқару және коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету. Аудан бюджетінің орындалуын жоспарлау және талдау, бюджеттік заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Аудандық коммуналдық меншікті басқаруды ұйымдастыру, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау. Экономика салаларын дамыту, халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қорғау, ауданның әлеуметтік сала салаларын қолдау бағдарламаларын іске асыру үшін әдістерді қамтамасыз ету. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру және жүзеге асыру. Аудан бюджетін қалыптастыру процесін жетілдіру бойынша жұмыс жобасын жүзеге асыру. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қаржылық жағдайына талдау жасау, оларды қайта ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, ауданның экономика салаларын, әлеуметтік саласын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысу. Мемлекеттік сатып алуды өткізуді талдау. Аудан аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеу және оны іске асыру бойынша мониторинг. Мемлекеттік қызмет көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытылы қаралуын бақылау. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Ақпараттық-талдау жұмысын жүзеге асыру. Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне бағалау жүргізу. Қолданыстағы заңнама шеңберінде аудан әкімдігінің басшылығы анықтайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру

* Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тестілеу рәсімдерінен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.

Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
27 января 2025