Жалпы біліктілік талаптары
"есіл ауданының жер қатынастар бөлімі"мемлекеттік мекемесі "ақмола облысы есіл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлімінің басшысы, e-r-1 (лауазым мәртебесі: бос)
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
- 1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес
- 2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес
- 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес
- 4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес
Білімге қойылатын талаптар
- Жоғары білім
- Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Орта білімнен кейінгі білім
- Кәсіби білім
Мамандық бойынша талап
- Кадастр (код=5В090700, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)
- Геодезия (код=B, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)
- Картография (код=B, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)
- Геодезия және картография (код=5В071100, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)
- Жерге орналастыру (код=6М090300, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)
Функционалдық бағыты
- Құрылыс, сәулет және жер қатынастары
Функционалдық міндеттері
Бөлім жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру. Жер қатынастары мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін бақылауды және орындауды қамтамасыз ету. Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Жер қорының сапалық және сандық жағдайына, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып мониторингті жүзеге асыру. Пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау. Иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Жерді аймақтарға бөлу жобаларын, аудан жерлерін ұтымды пайдалану бойынша жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру. Елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру. Жүргізуді ұйымдастыру, жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар). Жер қатынастары саласындағы мәселелерді қарау кезінде барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіру. Талап-арыз жұмысын ұйымдастыру және жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Мемлекеттік қызмет көрсету. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне бағалау жүргізу. Қолданыстағы заңнама шеңберінде аудан әкімдігінің басшылығы анықтайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
* Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тестілеу рәсімдерінен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.