Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Есіл ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Есіл ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қағидаларда, бүкіл мәтін бойынша:
«қасбеттерін, шатырларын» деген сөздер «сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қасбет, қасбетіне, қасбетінің, қасбеті» деген сөздер «сыртқы қабырғалар» деген сөздермен ауыстырылсын.