Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы №43-VIII ҚРЗ Заңы. "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 28 215 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері-57 853 теңге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай – ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш-3 692 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.
1.2. Свободный ауылдық округі бюджетінің түсімдері мен шығыстары Ауыл бюджеті Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №8с-14/2 "Есіл қаласының, Красногор кентінің, ауылдар мен ауылдық округтердің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы"шешімімен бекітілген Есіл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы №8С-19/3 шешімі
Бюджет түсімдері
Есіл ауданы Свободный ауылдық округі бюджетінің көлемі
2024 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне түсетін түсімдер көлемі 34764,0 мың теңге көлемінде бекітілді, оның 21819,0 мың теңгесі аудандық бюджеттен субвенцияға тиесілі. Есіл аудандық мәслихат сессиясының 14.06.2024 ж. №8С-23/3 шешімі.
Кестеде 2024-2026 жылдарға арналған түсімдер көлемі көрсетілген