Есіл аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 16 маусымда сайланған әкімдерді тіркеу туралы хабарламасы

2024 жылғы 16 маусымда "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес Есіл аудандық сайлау комиссиясы үш сайлау округі бойынша Есіл ауданының ауылдары, ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті:

- 2024 жылғы 19 маусымдағы № 6 шешіммен 1979 жылы туған Текеман Сағдат Мұратұлы, "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" ММ бас маманы, 2024 жылғы 16 маусымда сайланған Есіл ауданы Жаңыспай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

- 2024 жылғы 19 маусымдағы № 7 шешіммен 1971 жылы туған 2024 Еңсебаев Марат Елемесұлы, "Есіл ауданы әкімінің аппараты" ММ жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы, 2024 жылғы 16 маусымда сайланған Есіл ауданы Орловка ауылының әкімі болып тіркелді.

- 2024 жылғы 19 маусымдағы № 8 шешіммен 1962 жылы туған Саматов Нұрлан Мәжитұлы, "Есіл ауданы әкімінің аппараты" ММ аудан әкімінің орынбасары, 2024 жылғы 16 маусымда сайланған Есіл ауданы Свободный ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

Есіл аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 16 маусымда сайланған әкімдерді тіркеу туралы хабарламасы
Дата публикации
19 июня 2024