Жаңыспай ауылдық округі, Орловка ауылы , Свободный ауылдық округі әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 16 маусымда үш сайлау округі бойынша Есіл ауданының ауылдары, ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Есіл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Есіл ауданының ауылдары, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Жаныспай сайлау округі

Жаныспай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 493 азамат енгізілді, олардың 290- дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар –

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бекжанова А.М. – 18; Сүлейменова Д. С. – 16; Текеман С. М. – 226. 

1979 жылы туған Текеман Сағдат Мұратұлы Жаныспай ауылдық округінің әкімі болып сайланды, «Арқалық қаласы Екідін ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Арқалық қаласы Екідін ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Орловка сайлау округі

Орловка ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 245 азамат енгізілді, олардың 155-дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар –

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Дүйкенова А. Р. – 9; Еңсебаев М. Е. - 137. Орловка ауылының әкімі болып сайланды Еңсебаев Марат Елемесұлы, 1971 жылы туған, «Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы, Есіл ауданының Есіл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Свободный сайлау округі

Свободный ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 903 азамат енгізілді, олардың 600- дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар –

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жұмасұлтанов А.Ж. – 30; Мұқанов Х.Т. – 52; Саматов Н. М.– 492. Свободный ауылдық округінің әкімі болып Саматов Нұрлан Мәжитұлы сайланды, 1962 жылы туған, «Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ аудан әкімінің орынбасары, Есіл ауданы Есіл қаласында тұрады, AMANAT партиясынан ұсынылған.

 

 

Жаңыспай ауылдық округі, Орловка ауылы , Свободный ауылдық округі әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
17 июня 2024