Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақмола облысы Есіл ауданы Орловка ауылының әкіміне кандидат Э. Д. Ермұқанованы тіркеудің күшін жою туралы ХАТТАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-6-бабының 1-тармағына, Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 16/209 қаулысының 1-тарауының 2-тармағының 1-тармағына, 3-тармағының 5-тармақшасына, 2-тарауының 8,9,10-тармақтарына сәйкес "Сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту кандидатураны алып тастау, кандидатты ұсыну туралы шешімнің күшін жою, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы" және 2024 жылғы 13 маусымдағы Э. Д. Ермұқанованың өз кандидатурасын алып тастау туралы өтініші негізінде, Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

1.Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 25 мамырдағы № 33 Ақмола облысы Есіл ауданы Орловка ауылының әкіміне кандидат Ермұқанова Эльмира Дарменқызының тіркеу туралы шешімі жойылсын.

2.№ 448 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы сайлау бюллетеньдеріне өзгеріс енгізсін.

3.Осы шешім Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

4.Осы шешім Ақмола облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақмола облысы Есіл ауданы Орловка ауылының әкіміне кандидат Э. Д. Ермұқанованы тіркеудің күшін жою туралы ХАТТАМАСЫ
Дата публикации
13 июня 2024