«Б» корпусының Ақмола облысы Есіл ауданы жергілікті атқарушы органдарының бос төменгі емес әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс

«Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (индексі 020900, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі 6, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-47)21-4-82, факс: 8(716-47)21-9-53, электрондық мекен-жайы: esil_sup@aqmola.gov.kz, электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталы арқылы жолданғанда файлдардың максималды жіберлетін көлімі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т. б.) 5 Мб аспауы қажет) Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік бос төменгі емес әкімшілік лауазымдарына ішкі конкурс жариялайды.

  1. Есіл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, санаты E-3, 1 бірлік (№ 04-01).                                                                                                        Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 263131 теңгеден 305232 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлім қызметіне жалпы басшылық жасау, аппарат бөлімдерімен, мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың басшыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Президент, Үкімет актілерінің, облыс және аудан әкімінің өкімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Аудан әкімінің өкілетті және атқарушы билік органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету. Ұйымдастыру жұмысы мәселелері бойынша аудан әкімінің шешімдері мен тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау. Аудан әкімі аппаратының перспективалық жұмыс жоспарының уақытылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауын дайындау және өткізуді ұйымдастыру. Бөлімнің жетекшілік ететін бағыттары бойынша талдау ақпаратын және аудан әкімінің баяндамасын қалыптастыру. Бөлім мамандарымен бірлесіп аудан әкімінің, орынбасарларын және аппарат басшысының жедел кеңестерді, есеп беру кездесулерін және азаматтарды жеке қабылдауды дайындау. Аудан әкімі аппаратының іс номенклатурасын әзірлеу және мұрағаттық іс жүргізудің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру. Аудан әкімінің блогына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытылы қаралуын және аудан әкімінің қызметін БАҚ-та және интернет ресурстарда ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді бақылау. Бөлім мамандарының жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен шағымдарын қарау мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру. Аудан әкімінің жұмысын жоспарлау, жоспарлаудың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Аудан әкімінің, жергілікті атқарушы органдар басшыларының жұмысын жоспарлау жөніндегі ақпаратты жинақтау. Әкімдік отырыстары, аппараттық кеңестер, әкім күндері, кеңестер бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу және дайындау. Бөлім қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіптің сақталуын, міндеттері мен функцияларын орындауын бақылауды жүзеге асыру. Қолданыстағы заңнама шеңберінде аудан әкімдігінің басшылығымен анықталған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.                                                           «В» блок, 5 грейд.

Конкурс қатысушысына қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім педагогикалық  ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика немесе статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе қызмет қөрсету немесе денсаулық сақтау немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

     1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

      Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні) ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсарады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі тиісті персоналды басқару қызметімен бекітілген.

Конкурсқа қатысушы мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді. Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Санықтау ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының жасы он сегізден кем емес азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) хабарлайды. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Дата публикации
06 июня 2024