Өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы №1108 Заңымен 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленді:
1) жалақының ең төменгі мөлшері – 85 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері – 28 215 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;
4)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге;
5) Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн қолданылатын ең төменгi күнкөрiс деңгейi – 43 407 теңге.