Есіл ауданының Красивинский ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері

     "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 43-VIII Заңымен 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 28 215 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері-57 853 теңге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай – ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш-3 692 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.

     Красивинский ауылдық округі Красивинский ауылдық кеңесінің базасында 1998 жылы әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде құрылды.
  

     Округте 576 отбасы тұрады, нақты тұратын халық саны 1 593 адам. 

     Ауылдық округ экономикасы ауыл шаруашылығына бағытталған. Сонымен қатар, округте жеке кәсіпкерлер көбейе түсуде. Шаруашылық субъектілері мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын белсенді дамытады.

Есіл ауданының Красивинский ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Дата публикации
15 апреля 2024