1 бөлім. Бюджетті жоспарлау (қалыптастыру, бекіту, нақтылау) сатысында.
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы №43-VIII ҚРЗ Заңы. "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 28 215 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері-57 853 теңге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай – ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш-3 692 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.
1.2. Свободный ауылдық округі бюджетінің түсімдері мен шығыстары Ауыл бюджеті Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №8с-14/2 "Есіл қаласының, Красногор кентінің, ауылдар мен ауылдық округтердің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы"шешімімен бекітілген Есіл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы №8С-19/3 шешімі