Қазақстан Республикасының Жер кодексі 43-1-бабының 2-1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Есіл ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.
- Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.