Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген:
1) жалақының ең төмен мөлшері- 85 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 28 215 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері- 57 853 теңге;
4) Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш- 3 692 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.