Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері
«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай көрсеткіштер белгіленеді:
1) жалақының ең төмен мөлшері – 85 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері-28 215 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері-57 853 теңге;
4) айлық есептік көрсеткіш - 3 692 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.