Қазақстан Республикасынын «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған, Есіл ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесінің атаулары мен индекстері бекітілсін.
- Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № а-6/191 «Есіл ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесінің атаулары мен индекстері бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5464 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау сол мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.