Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Есіл қаласы – Амола облысы, Есіл ауданының әкімшілік орталығы, халық саны 10045 адам. Қаланың экономикалық құрлымында өңдеуші өнеркәсібі басым.
Негізгі салалары өңдеу өнеркәсібі болып табылады, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тамақ өнімдерін өндіру, олар мынадай кәсіпорындар: «Есіл Дэн» ЖШС - астықты қабылдау, «Дамир ЖШС», «Есіл МТК ЖШС» - сүт өңдеу.
Жоғарыда аталған кәсіпорындардан басқа қалада құрлыс саласының кәсіпорындары жұмыс істейді: «НұрАл» ЖШС - темір бетон бұйымдарын өндіру, көмірді сақтау және үйіп қою, құрылыс; «Мираш – Н» ЖШС - асфальт-бетон қоспасын өндіру, автомобиль жолдарын жөндеу.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 2 кәсіпорын («Ақсу-Есиль» ЖШС, ШЖҚ МКК «Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы»), машиналар мен механизмдерге қызмет көрсету, жүктерді жеткізу саласында – 1 кәсіпорын («УМС» ЖШС)