"Есіл ауданының ТКШ, ЖК, АД және ЖИ бөлімі" ММ 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті шығыстардың Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес қалыптастырылды.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері
«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай көрсеткіштер белгіленеді:
1) жалақының ең төмен мөлшері – 70 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері-24 341 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері-53 076 теңге;
4) Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай – ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш- 3 450 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 40 567 теңге.