«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс

«Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ (индексі 020900, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі 6,  анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-47)21-4-82, факс 8(716-47)21-9-53, электрондық мекен-жайы: esil_sup@aqmola.gov.kz) (электрондық хатты мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жалдағанда файлардың максималды жіберілетің көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru,gmail.com және  т.б.) 5 Мб аспауы қажет))Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1 Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек сектордың бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне 2024 жылғы 12 мамамырдағы дейін. Негізгі қызметкер осы мерзім өткенге дейін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығуға құқылы)№26-08, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 195549 теңгеден 224624 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Облыстық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа, сондай-ақ республикалық трансферттерге, оның ішінде кепілдендірілген әлеуметтік пакетке әлеуметтік көмек тағайындау және ұсыну жөніндегі қызмет. Учаскелік комиссиялар ұсынатын құжаттаманы дайындау кезінде халықтың осал топтарына әлеуметтік көмектің барлық түрлерін тағайындау бойынша уәкілетті тұлғаларға көмек көрсету және кеңес беру. Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету мәселелері бойынша аумақтық әкімдермен өзара іс-қимыл жасау. Бөлімде Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу. Аумақтардың әлеуметтік карталарына мониторинг жүргізу және талдау жасау. "Әлеуметтік көмек" бірыңғай ақпараттық жүйесі базасында деректерді қалыптастыру. Тұрғын үй көмегін төлеуді тағайындау кезінде, ауыл мамандарына қатты отын сатып алуға, сондай-ақ халықтың осал топтарына әлеуметтік көмектің басқа да түрлеріне жәрдем көрсету. Ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру, әлеуметтік көмек бойынша есептерді дайындау. Әлеуметтік қызметтер порталында және ақпараттық жүйелерде: "Мемлекеттік сатып алу порталы" қызметін қамтамасыз ету және т. б. қолданыстағы заңнама шеңберінде бөлім басшылығымен айқындалатын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.                             В функционалдық блогы, лауазым деңгейі 3.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе құқықтану) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

         Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек сектордың меңгерушісі, (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне 2024 жылғы 19 маусымдағы дейін. Негізгі қызметкер осы мерзім өткенге дейін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығуға құқылы (№ 26 – 04), 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 195549 теңгеден 224624 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру. Негізгі құралдар мен қорлардың түсімдері мен шығуларын есепке алуды қамтамасыз ету, материалдық құралдарды есепке алу және түгендеу. Халықаралық стандарттарға сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу. Қаржылық есептіліктің белгіленген мерзімдерде сапалы жасалуын және ұсынылуын қамтамасыз ету. Бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуына талдау жүргізу және есепке алу, "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілетін операцияларды есепке алу, бөлім кассасы бойынша операцияларды есепке алу және мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік операцияларын есепке алу. Банктік құжаттарды, журналдар мен ордерлерді өңдеу. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының жасалуына және орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Алдағы қаржылық кезеңдерге Бюджеттік өтінімді, мекеме балансын, трансферттер бойынша есептерді, статистикалық есептерді және салық декларацияларын белгіленген мерзімде қалыптастыру. Материалдық-техникалық құралдар мен материалдардың ұтымды және үнемді пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету. Көрсетілетін әлеуметтік төлемдер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және мониторингілеу. Әлеуметтік көмек секторының мамандары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің жеделдігі мен сапасына бақылауды қамтамасыз ету. Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету мәселелері бойынша аумақтық әкімдермен бірлескен жұмыс жүргізу. Халықтың әлеуметтік карталарының мониторингін ұйымдастыру.Облыстық және аудандық бюджеттен, сондай-ақ республикалық трансферттерден халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік көмекті (оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті) тағайындау және төлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру. Мұқтаж адамдарға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің берілуін бақылауды қамтамасыз ету.Ауданның мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты жүзеге асыру. Әлеуметтік қызметтер порталында және "Қазынашылық-Клиент", "Мемлекеттік сатып алу порталы" және т.б. ақпараттық жүйелерде қызметті қамтамасыз ету.

В функционалдық блогы, лауазым деңгейі 3.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық  (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе әлемдік экономика немесе мемлекеттік аудит) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

     жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның (бұдын әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.                Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде Уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей. Есіл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

_______________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін. Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін. Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _______________.

(иә/жоқ)

 

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы: _________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________

Е-maіl: _______________________________________________________

ЖСН: ________________________________________________________

________ _____________________________________________________

(қолы)        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс
Дата публикации
06 октября 2023