Ақмола облысы Есіл ауданының әкімін сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының   14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының
2) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес және Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 8С-4-2
«Ақмола облысының пилоттық өңірлерінің тізбесін және аудан әкімдерінің сайлау күнін белгілеу туралы» шешімі негізінде Есіл аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақмола облысы Есіл ауданының әкімін сайлау 2023 жылғы
    5 қарашаға тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Ақмола облысы
    Есіл ауданының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың  күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында, аудандық
    «Есіл Инфо» газетінде жариялансын және Есіл ауданы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Ақмола облысы Есіл ауданының әкімін сайлауды тағайындау туралы
Дата публикации
15 сентября 2023