Ақмола облысы Есіл ауданының әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының      14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақмола облысы Есіл ауданының шекарасында Ақмола облысы Есіл ауданының әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі құрылсын.
  2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында, аудандық
    «Есіл Инфо» газетінде жариялансын және Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Ақмола облысы Есіл ауданының әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округін құру туралы
Дата публикации
15 сентября 2023