Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32927 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 243-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2) тармақшаның 01.01.2024 дейін қолданыста болатын редакциясын осы бұйрықтың 4-т. қараңыз.
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:
ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.
"2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит –айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.".