2023 жылы тағайындалатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауында республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 33-бабының 1-1, 2-1-тармақтарына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттың шығыстарының мөлшері 1-3-қосымшаларға сәйкес белгіленсін.

Кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін мемлекет бөлген қаражат шеңберінде баспа және/немесе желілік басылымдарда, теле-, радиоарналарда жарияланымдар көлемін дербес қайта бөледі.

  1. Осы қаулы қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
  1. Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет-бетінде жариялансын.

 

Төраға                                                                                 М. Садуов

Хатшы                                                                                 Ә. Күштаева

 

2023 жылғы 6 қаңтардағы

№ 1/281 қаулыға

1-қосымша

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауында республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшері сайлаушылар санынан 2000 адамға дейін

1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау-50 000 (елу мың) теңге сомасында;

2) бағдарламамен теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) 15 минут сөз сөйлеу — 50 000 (елу мың) теңге сомасында;

3) бағдарламамен радиода 10 минут сөйлеу-10 000 (он мың) теңге сомасында;

4) үгіт материалдарын шығару - 60 000 (алпыс мың) теңге сомасында;

5) үй-жайларды жалға алу-10 000 (он мың) теңге сомасында;

6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың округ орталығынан қашықтығына байланысты)— 20 000 (жиырма мың) теңге сомасында.

2023 жылғы 6 қаңтардағы

№ 1/281 қаулыға

2-қосымша

 

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауында республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшері сайлаушылар санынан 2001-ден 5000 адамға дейін

 

1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау-50 000 (елу мың) теңге сомасында;

2) бағдарламамен теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) 15 минут сөз сөйлеу — 50 000 (елу мың) теңге сомасында;

3) бағдарламамен радиода 10 минут сөйлеу-10 000 (он мың) теңге сомасында;

4) үгіт материалдарын шығару - 70 000 (жетпіс мың) теңге сомасында;

5) үй-жайларды жалға алу-10 000 (он мың) теңге сомасында;

6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың округ орталығынан қашықтығына байланысты)— 30 000 (отыз мың) теңге сомасында.

 

 

2023 жылғы 6 қаңтардағы

№ 1/281 қаулыға

3-қосымша

 

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауында республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшері сайлаушылар санынан 5000 адамнан жоғары

1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау-50 000 (елу мың) теңге сомасында;

2) бағдарламамен теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) 15 минут сөз сөйлеу — 50 000 (елу мың) теңге сомасында;

3) бағдарламамен радиода 10 минут сөйлеу-10 000 (он мың) теңге сомасында;

4) үгіт материалдарын шығару - 80 000 (сексен мың) теңге сомасында;

5) үй-жайларды жалға алу-10 000 (он мың) теңге сомасында;

6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың округ орталығынан қашықтығына байланысты)— 50 000 (елу мың) теңге сомасында.

2023 жылы тағайындалатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауында республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы
Дата публикации
05 сентября 2023