Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері
«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 163 - VII ҚРЗ Заңымен 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген:
1) жалақының ең төмен мөлшері – 70 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 24 341 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 53 076 теңге;
4) Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 450 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 40 567 теңге.