Ақмола облысы Есіл ауданының 2023-2025 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

Ақмола облысы Есіл ауданының  әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері 

          «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 163 - VII Заңымен 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай көрсеткіштер белгіленді:

          1) ең төменгі жалақы мөлшері - 70 000 теңге;

          2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 24 341 теңге;

          3) зейнетақының ең төменгі мөлшері-53 076 теңге;

          4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай – ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш-3 450 теңге;

         5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 40567 теңге.

 

Есіл ауданы облыс аумағының негізгі ауыл шаруашылық өңірлерінің бірі болып табылады. Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, ауыл шаруашылық саласының дамуы өндеуші өнеркәсіптің даму деңгейінің өсуінің оң үрдісі болып табылады.

Аумақты дамыту бағдарламасы ауданның әлеуметтік – экономикалық даму тенденциясын және басымдылықтарын, нысаналы индикаторларын, ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін қамтиды.

Ауданның даму көрсеткіштерін талдау үшін, соңғы 3 жылғы даму көрсеткіштерінің динамикасы және дамуының өзекті мәселелері ұсынылған.

Даму саласының 5 бағыты анықталды:

-экономикалық даму

-әлеуметтік сала

-инфрақұрылымдық кешен

-аумақтық (кеңістіктік) даму

- жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі.

Өңірлердің экономикалық саясатының негізгі бағыттары орта жедел келешекте инфрақұрылымды дамыту және индустрализациялау арқылы  диверсификацияны жылдамдату  есебінен экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету.   

Ақмола облысы Есіл ауданының 2023-2025 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
Дата публикации
21 августа 2023