Есіл қаласының азаматтық бюджетті 2023-2025 жылдарға арналған

Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласының   әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері 

Есіл қаласы – Амола облысы, Есіл ауданының әкімшілік орталығы, халық саны 10045 адам. Қаланың экономикалық құрлымында өңдеуші өнеркәсібі басым.

Негізгі салалары өңдеу өнеркәсібі болып табылады, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тамақ өнімдерін өндіру, олар мынадай кәсіпорындар: «Есіл Дэн» ЖШС - астықты қабылдау, «Дамир ЖШС», «Есіл МТК ЖШС» - сүт өңдеу.

Жоғарыда аталған кәсіпорындардан басқа қалада құрлыс саласының кәсіпорындары жұмыс істейді: «Иран» ЖШС - темір бетон бұйымдарын өндіру, көмірді сақтау және үйіп қою, құрылыс; «Мираш – Н» ЖШС - асфальт-бетон қоспасын өндіру, автомобиль жолдарын жөндеу.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 2 кәсіпорын («Ақсу-Есиль» ЖШС, ШЖҚ МКК «Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы»), машиналар мен механизмдерге қызмет көрсету, жүктерді жеткізу саласында – 1 кәсіпорын («УМС» ЖШС)

Мемлекеттік басқарудың дамуы

Көрсетілетін қызметті алушыларға барлық қажетті жағдайлар сақталған, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар үшін де. Ғимарат алдында қатты асфальт-бетон жабыны, тұрақ дүңгершіктерімен, қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз етілген демалыс орындары бар. Ғимаратқа кіре берісте басып шақыру түймесімен пандус орналасқан.  Пандусқа өту ашық, ешқандай кедергілер жоқ, шақыру түймесі жұмыс істейді. Қызмет көрсетуші кабинетінің жай- күйі қанағаттанарлық жағдайда. Барлық кабинеттер мен дәліздерде қуаты 28-32 Вт жарықдионды офистік үлгідегі шамдар орнатылған.

Дене шынықтыру мен спорттың дамуы

 Қазіргі жағдай көрсеткендей,көп адамдар санына байланысты атап айтқанда, жастар салауатты өмір салтын ұстануды жөн көреді. Спорт саласында, Есіл қаласында қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген 1 Орталық стадион, 9 спорт алаңдары, 2 мини-футболдық алаңдар, 7 балалардың спорттық-сауықтыру алаңдары, хоккей корты, стрит-воркаут алаңы, баскетбол алаңы, көше сауықтыру тренажерлар алаңы.

Келешекте демалу және жеке даму үшін қала азаматтарын, атап айтқанда жастардың жағдайын қамтамасыз ету қажет. Аула спорт алаңдарының саны мен сапасын тұрақты өсіру жүргізіледі.

 Қалалық бюджеттің түсімдері және шығыстары

 

Түсімдер

2023 жылға қалалық бюджетке түсетін түсімдердің мөлшері 359484,7 мың теңге сомасында жоспарланған.

                                                                                                               мың теңге

 

Түсімдер

2023 жылы

бекітілген  жоспар

2023 жылы

нақтылан

ған жоспар

2024 жыл

болжам

2025 жыл

болжам

Барлығы

313436

359484,7

111992

116776

Салықтық түсімдер, оның ішінде:

 

94107

94107

97747

101393

Жеке табыс салығы

17898

17898

18613

19358

Меншікке салынатын салықтар

 

2471

2471

2597

2698

Жер салығы

17838

17838

18372

18861

Көлік құралдарына салынатын салық

37841

37841

39384

40944

Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер

15459

15459

16077

16720

Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін  алынатын алымдар

2600

2600

2704

2812

Салықтық емес түсімдер, оның ішінде:

48

48

50

52

Басқа да салықтық емес түсімдер

48

48

50

50

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

8240

8240

8570

8913

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

211041

257089,7

5625

6418

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

 

2127,4

 

 

 

Қалалық бюджеттің шығыстары

             2023-2025 жылдарға арналған бюджет шығыстары саясатының негізгі басымдықтары қаладағы экономиканы дамытудың тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасай отырып, мемлекет кепілденген міндеттемелер мен азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін қолдау болып табылады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту үшін шығындардың негізгі бөлігі қарастырылған.

 

2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеттің шығыстары бекітілген бюджет

Функционалдық топтар бойынша

2023 жылы

бекітілген  жоспар

2023 жылы

нақтылан

ған жоспар

2024 жыл

2025 жыл

Барлығы

313436

361612,1

111992

116776

жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

59655

66455,2

60317

61110

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

29590

66609,6

23080

23080

көлік және байланыс

224191

228547,3

28595

32586

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

                   Есіл қаласы әкімінің аппараты бойынша 66455,2 мың теңге сомасына шығындар көзделген

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

                   2023 жылға 66609,6 мың теңге сомасында жоспарланған:

                   көшелерді жарықтандыруға 32303,8 мың теңге сомасында, елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 16042,5 мың теңге, жерлеу орындарын ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеуге 350,0 мың теңге сомасында, абаттандыру және көгалдандыруға 17913,3 мың теңге сомасында.

                   2023 жылы, келесі жылдарда Есіл қаласының аумағында іске асырылуымен келесі шаралар кешенін ұйымдастыру жоспарланып отыр:

                   -Қолданыстағы көше жарығын жұмыс жағдайында ұстау және қала учаскелерінде қосымша жарықтандыру орнату жолымен көше жарығын жайластыру.

                   -Есіл қаласының аумағында абаттандыру, санитарияны қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар өткізу арқылы «жайлы қалалық орта» құру

Көлік және байланыс

                   Қала бюджеті шығыстарының негізгі бағыттары Есіл қаласының автомобиль жолдарын күтіп ұстау және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.

                   Қалада автомобиль жолдарын реконструкциялаудың өткір мәселелері тұр, өйткені автомобиль жолдарының 70 % тозған. Есіл қаласының автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 24623,0 мың теңге, Есіл қаласының автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 203924,3 мың теңге сомасында шығындар көзделген.

Есіл қаласының азаматтық бюджетті 2023-2025 жылдарға арналған
Дата публикации
21 августа 2023