2023 жылғы 13 тамызда Есіл ауданының Интернациональный ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Есіл аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Есіл ауданының Интернациональный ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 396 азамат енгізілді, олардың 303 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, "Барлығына қарсы" жолында белгісі бар – 35.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Дүйкенова А.Р. – 18; Жұмасұлтанов А.Ж. – 4; Нұртазин Е.Ж. – 239.
Нұртазин Евгений Жандарбекұлы Есіл ауданының Интернациональный ауылдық округі әкімі болып сайланды, 1987 жылы туған, Интернациональный ауылдық округі әкімі, Есіл ауданының Интернациональный ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Есіл аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 14 тамыздағы шешімімен 2023 жылғы 13 тамызда сайланған Есіл ауданының Интернациональный ауылдық округі әкімін тіркеді.
Есіл аудандық сайлау комиссиясы