Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қою туралы қаулысы

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Жайылымдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес,                     Красивинский ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының өтініші, Красивинский ауылдық округі әкімінің қызметтік хаты негізінде,                            Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Красивое станциясы мен Красивинский ауылдық округі тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жеке ауланың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю мақсатында «Шанырак Р» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер пайдалануынан кадастрлық нөмірі 01-277-008-018, көлемі 562,8 гектар жайылым жер учаскісі алынсын.
  2. «Шанырак Р» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне алынған жер учаскесінің орнына (жер пайдаланудың қалған мерзіміне) Красивинский ауылдық округінің босалқы жерінен 562,8 гектар жайылым берілсін.
  3. Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қою туралы» 2023 жылғы 04 мамырдағы № а-5/87 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  4. «Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі алып қойылған жерлерді халықтың мұқтажы үшін беру бойынша іс-шаралар өткізсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары А.М. Мақсұмханға жүктелсін.
  6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қою туралы қаулысы
Дата публикации
04 августа 2023