«Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (индексі 020900, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі 6, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-47)21-4-82, факс: 8(716-47)21-9-53, электрондық мекен-жайы: esil_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жалдағанда файлардың максималды жіберілетің көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru,gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет) «Б» корпусының төменгі болып табылатын бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1) Есіл ауданы Жаныспай ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы, санаты E-G-3, 1 бірлік (функционалдық блок-В, лауазым деңгейі -3).
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 195549 теңгеден 224624 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Жоғарғы органдарға ақпараттар дайындау. Ісжүргізу. Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша жұмыстар мен есептілікті орындау, төтенше жағдайлардыңалдын алубойынша органдармен өзара іс-қимыл жасау. Ауылдық округ әкімі аппаратының істер номенклатурасы бойынша құжаттарды дайындауды және мұрағатқа тапсыруды бақылау. Шаруашылық кітаптарды жүргізу, үйлерді аулаларды аралау. Шаруашылық бойынша есеп базасын (СТХК) жүргізу, статистикалық есептілікті жасау. Азаматтарды тіркеу бойынша құжаттарды өңдеу, әскери есепке алуды жүргізу және салыстыру, жетекшілік ететін мәселелер бойынша құжаттаманы жүргізу. Ауылдық округ әкімі аппаратының кадрлық мәселелері бойынша жұмыс жүргізу. Ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру және аттестаттау курстарынан өтуін бақылау. Елді мекендерді абаттандыру бойынша қоғаммен жұмыс жасау. Шаруашылық кітаптарынан үзінділер, анықтамалар, мекенжай тағайындау туралы анықтамалар беру. Ауыл шаруашылығы және ветеринария мәселелері бойынша есеп жүргізу, жинақтау, талдау, есеп беруді және оларды ауданның жергілікті атқарушы органдарына ұсыну. Ауылдық округ әкімінің тапсырмаларын орындау, жетекшілік ететін мәселелер бойынша ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысы туралы ақпараттық және талдамалық материалдарды дайындау. Қолданыстағы заңнамалар шеңберінде ауылдық округі әкімі аппаратының басшылығы белгілейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика немесе статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурс интеграцияланған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты іріктеудің және өткізудің уақытша қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Бос лауазымға өтінімдерді қабылдау (жауап беру) мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін бес жұмыс күнін құрайды.
Іріктеуге қатысу үшін үміткер жеке сәйкестендіру нөмірін және ЭЦҚ енгізу арқылы жүйеде тіркеледі.
Өтінім беру кезінде үміткер іріктеуді өткізу тәртібімен танысады және осы Қағидалардың талаптарын сақтайды, сондай-ақ ЭЖІ қалыптастыру үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.
Үміткер ЭЖІ деректерінің дұрыстығын тексереді, әрбір еңбек жазбасы бойынша функционалдық бағытын көрсетеді, қажет болған жағдайда мәліметтерді толықтырады және түзетеді.
Іріктеуге қатысу үшін үміткер өзінің техникалық жабдықтарын (компьютердің, интернет жылдамдығының кемінде 5 мб/сек, жұмыс істеп тұрған веб-камераның, микрафонның және жеткілікті көрінуді қамтамасыз ететін жарықтандырудың болуы) пайдаланады.
Үміткер жүйеде бос лауазым туралы хабарландыруға өтінім беру арқылы конкурсқа қатысуын растайды.
Жалпы конкурсқа қатысуға тестілеу бағдарламасында белгіленген шекті мәндерден төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден алдын ала өткен үміткерлер жіберіледі.
Үміткердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу сертификатының болуы жүйемен айқындалады.
Мемлекеттік қызметшілерге және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңның 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу сертификаты талап етілмейді.
Жеке қасиеттерді бағалау жүйеде көзделген кестеге сәйкес жүргізіледі. Үміткердің жеке қасиеттерін бағалаудан өту күні мен уақыты жүйемен автоматты түрде айқындалады, тиісті хабарлама жеке кабинетіне жіберіледі.
Жеке қасиеттерін бағалаудан өту басталардан бір сағат бұрын жүйемен қатысушының жеке кабинетіне, электрондық поштасына және ұялы телефон нөміріне тиісті ескерту-хабарлама жіберіледі.
Жеке қасиеттерін бағалаудан өту үшін үміткер жеке кабинетке ескерту-хабарламада көрсетілген уақыттан кешікпей кіреді.
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кезеңі үміткердің күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін екі бөлек тестілеу кезеңінен тұрады.
Конкурстық комиссиямен әңгімелесуге конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған үшеуден артық емес үміткер жіберіледі.
Әңгімелесу кезеңіне жіберілген үміткерлерге кадр қызметі жүйе арқылы әңгімелесу өткізу күні, уақыты және сілтемелері көрсетілген хабарламалар жібереді.
Үміткерлермен әңгімелесу жүйе арқылы жеке қабинетке жіберілген сілтеме бойынша бейнебайланыс режимінде жүргізіледі.
Бірнеше бос лауазымдарға арналған конкурсқа қатысатын үміткер әрбір бос лауазым бойынша жеке әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясының мүшелері бос лауазымға үміткерге алдыңғы жұмыс орындарының қызметтік функционалдық бағыттарына сәйкес үміткермен байланыс орнатуға және орналасуға арналған жеке қасиеттері тұрғысынан жалпы сипаттағы сұрақтар қояды.
Әр үміткермен әңгімелесу ұзақтығы 15 минуттан аспайды.
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3150497912