Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 13 тамызға тағайындалған Интернациональный ауылдық округ әкімінің сайлауы бойынша кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабарламасы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес және Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Интернациональный ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хаттамалары негізінде:

2023 жылғы 21 шілдеде Интернациональный ауылдық округі әкіміне кандидат болып тіркелді – Нұртазин Евгений Жандарбекұлы – 1987 жылы туған, «Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональное ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды, Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональное ауылында тұрады.

2023 жылғы 21 шілдеде Интернациональный ауылдық округі әкіміне кандидат болып тіркелді - Дүйкенова Айжан Рахимбекқызы - 1976 жылы туған, «Ақмола облысы Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ жетекші маманы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды, Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласында тұрады.

2023 жылғы 21 шілдеде Интернациональный ауылдық округі әкіміне кандидат болып тіркелді – Жұмасұлтанов Ақжан Жаңабайұлы - 1994 жылы туған, «Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречное ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречное ауылында тұрады.

 

Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 13 тамызға тағайындалған Интернациональный ауылдық округ әкімінің сайлауы бойынша кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабарламасы
Дата публикации
21 июля 2023