2023 жылғы 4 маусымда өткен Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Есіл аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Есіл ауданының Есіл қаласы әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 8322 азамат енгізілді, олардың 5132 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 367, "Барлығына қарсы" жолында белгісі бар - 544.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Айтмұхамбетов Ғ. М. - 3715; Өтемісова Б. А. - 506;

         Айтмұхамбетов  Ғазиз Мұхитұлы Есіл ауданының Есіл қаласының әкімі болып сайланды, 1973 жылы туған, Есіл қаласының әкімі, Есіл ауданының Есіл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

Есіл аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 5 маусымдағы шешімімен 2023 жылғы 4 маусымда сайланған Есіл ауданының Есіл қаласының әкімін тіркеді.

2023 жылғы 4 маусымда өткен Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
05 июня 2023