«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.05.2023 – 31.05.2023
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 01.06.2023
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 06.06.2023
Сұхбат: 12.06.2023
Анықтама телефоны: 87164721482
Е-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы, Е-4
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік органдар мен өзге де мекемелерден келіп түскен құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуы, оның ішінде «Қызмет бабында пайдалану үшін», «құпия» деген белгісі бар құжаттардың орындалуы, аудан әкімі мен әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың хаттамалық тапсырмаларының, орындауға түскен жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және электрондық өтініштерінің орындалуы. Азаматтық қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру. Азаматтық қорғау саласында штабтық жаттығуларды, оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Президенттің Жарлықтарын, тапсырмаларын және басқа да актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Премьер-Министрінің қаулыларын, аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс. Қолданыстағы заңнама шеңберінде бөлім басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
В блогы, 3 грейд.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық (құқықтану) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (көлік, көлік техникасы және технологиялары немесе материалтану және жаңа материалдар технологиялары немесе жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы) немесе қызмет қөрсету (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс немесе педагогикалық ғылымдар (алғашқы әскери дайындық) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3066387069